ӨзА Қазақ

13.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Дархан Сатыбалды: Биылғы жыл біздің қарым-қатнастарымыз жаңа кезеңге көтерілетін жыл ретінде бауырлас халықтарымыздың жадында сақталып қалады

Дархан Сатыбалды: Биылғы жыл біздің қарым-қатнастарымыз жаңа кезеңге көтерілетін жыл ретінде бауырлас халықтарымыздың жадында сақталып қалады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев күні кеше шет елдердің елшілерінен сенім жарлықтарын қабылдап алды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі ретінде жұмысына кіріскен Дархан Сатыбалдыда бар. 

Салтанатты рәсім аясында елші ӨзА тілшісімен сұқбат құрып өз пікірімен бөлісті. 

-Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында жақын және өзара достық байланыс жолға қойылған. Соңғы бірнеше жылдық сандарға назар аударсақ, екі елдің тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларыға жетті. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу көзделген және оны жүзеге асыру үшін жұмыс атқарудамыз.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуір күні мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді. Бұл сапар президентімздің алғашқы шетелге ресми сапары болып, екі елдің қарым-қатнасы қаншалықты жақын екендігінің нышаны. Сапар аясында Өзбекстанда Қазақстан жылының ресми ашылу рәсімі өтеді. Менің ойымша, биылғы жыл біздің қарым-қатнастарымыз жаңа кезеңге көтерілетін жыл ретінде бауырлас халықтарымыздың жадында сақталып қалады. 

5 990
ӨзА