ӨзА Қазақ

12.05.2020 Басып шығару нұсқасы

БҰҰ Бас хатшысы Өзбекстан Президентіне хат жолдады

БҰҰ Бас хатшысы Өзбекстан Президентіне хат жолдады

Өзбекстан Республикасы Президенті

Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзияев Мырза!


Менің әлемдік деңгейде оқ атуды тоқтату туралы үндеуімді қолдаған хатыңыз үшін шын Сізге жүректен алғыс айтамын. Бұл үндеу бүкіл әлемдегі мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ аймақтық серіктестер, азаматтық қоғам және дін лидерлері жылы қабылдағаны мені шабыттандырды. Ең бастысы, бірқатар өзара қақтығысты тараптар алғашқылардан жағымды көзқарас танытты.

Қақтығыстан зардап шеккендер мен пандемия жағдайында жәнеде осалдана түскендер үшін мен әрқашан алаңдаймын, бейбіт тұрғындарды, әсіресе әйелдерді, балаларды және маргиналды топтарды қорғауға біз әрқашан міндетті екенімізді айтамын. Осыған байланысты Сіз төрағалық етіп тұрған аймақтағы зардап шеккен елдерге, соның ішінде Ауғанстан Ислам Республикасына гуманитарлық көмек көрсету үшін жасаған әрекетіңіз үшін дән ризамын.

Сондай-ақ, Сіздің Үкіметіңіз тарапынан Өзбекстан Республикасында вирустың таралуын болдырмау, пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарын, оның ішінде халықтың ең осал топтары үшін оның салдарын жұмсату бойынша қабылдаған шешімдерді жоғары бағалаймын. Мені сіздің үкіметіңіз бен БҰҰ-ның Мемлекеттік тобы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екені қуантады.

БҰҰ барлық мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен қайшылықты тараптарға ізгі ниет немесе оқ атуды тоқтату туралы мәлімдемелерден бастап соғысты тоқтатуға, ұзақ мерзімді саяси шешімдер мен ұзақ мерзімді бейбітшілікке көшуге көмектесу үшін өз жұмысын жалғастырады. Сіз біздің күш-жігерімізді әрі қарай қолдайсыз деп сенемін.

Сонымен қатар, Сырдария ауданында бөгеттің жарылуы туралы хабарды қатты қайғырып қабылдағанымды айтып өткім келеді. Тасқыннан зардап шеккен Өзбекстан мен көрші Қазақстан халқына көңіл айтамын. Мен Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің мұқтаж адамдарға көмек көрсету саласындағы тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалаймын.

Жоғары мәртебелі мырза, Сіге деген үлкен құрметімді қабыл еткейсіз.

Ізгі тілектермен,

Антонио Гутерриш

БҰҰ Бас хатшысы

4 205
ӨзА