ӨзА Қазақ

17.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Бұқара 2020 жылда «Ислам мәдениетінің астанасы» болып жарияланды

Бұқара 2020 жылда «Ислам мәдениетінің астанасы» болып жарияланды

Кеше 16-шы құркүйек күні Мысыр астанасы Каирде қаласында Өзбекстан Республикасы СІМ орынбасары Дилшот Ахатов пен Мысыр Араб Республикасы СІМ орынбасары Хани Салим басшылығындағы делегация өкілдері қатысуымен Өзбекстан мен Мысыр Сыртқы істер министрліктерінің саяси кеңесінің 9-шы раунд кездесуі өтті.

Ондағы кездесуде, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы жан-жақты талқыланып, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылып қана қоймай, нақтылы екі елдің географиялық орналасуының арақашықтығының алыстығына байланысты ортада сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстардың мүмкіндігін пайдаланбай жатқандығына жете назар аударылды.

Екі жақтық кездесу барысында Өзбекстанның Бұқара қаласын 2020 жылда «Ислам мәдениетінің астанасы» деп жариялап, ондағы өтетін Ислам дінінің өркендеуіне байланысты шараларға Мысыр елі құлшына қатысуға ниетті екенін жасырмады.

Тараптар туризм саласы мен мәдениет және білім саласына байланысты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. 

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабары. 

6 858
ӨзА