ӨзА Қазақ

14.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президенті Ташкентке келді

Қазақстан  Президенті Ташкентке келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен елімізге 14 сәуірде екі күндік мемлекеттік ресми сапармен келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
2.jpg
Салтанатты күтіп алу рәсімінен соң, Ташкентке келген Қазақстан делегациясы арнайы қонақтар үшін даярланған мекенге жол тартты. 

Ертең, екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кіріскеннен кейін алғаш рет кездеседі.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткізілуі жоспарланған келіссөздер баысында достық, бауырластық, екі жақтық стратегиялық қарым-қатнастарды әрі қарай дамыту жолдары талқыланады. Саясат, сауда-экономикалық, транспорттық-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық, инвестициялық тағыда басқа салаларда өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары сондай-ақ күн тәртібіндегі көзделген басқада мәселелерді талқылау жоспарланған. 

Президенттер аймақтық ынтымақтастықты нығайту және маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер барысында президенттер баспасөз өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасап, сондай-ақ екі ел арасындағы әртүрлі саладағы байланыстарды дамытуға бағытталған екі жақтық құжаттарға қол қою жоспарланған.

Екі ел президенттері бауырластықтың жалғасы ретінде өткен жылғы Қазақстандағы Өзбекстан жылының жақсы аяқталуын қорытындылап, Өзбекстандағы Қазақстан жылын ресми түрде ашу сатланатты рәсіміне қатысады. 

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

6 795
ӨзА