ӨзА Қазақ

08.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан елшісімен кездесу

Қазақстан елшісімен кездесу

2019 жыл 7 мамыр күні Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісі Заң палатасында, парламенттің төменгі палатасы Спикері Нурдинжан Исмаилов Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мен кездесу өткізді.

Алдымен Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Мәжілісі Заң палатасы Спикері Дархан Сатыбалдыны еліміздегі елші болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтай отырып, жауапты және құрметті дипломатиялық қарым-қатнасты орнатуда табыстар тіледі.

Өзбекстан, Қазақстанмен барлық салаларда тең құқықты, өзара тиімді мүдделерге негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше мән беріп келеді. Бұл процессте әрине екі ел арасында парламентаралық ынтымақтастықта маңызды рөл атқарады.

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісі Заң шығарушы палатасының өкілдері бірнеше рет халықаралық форумдарға, семинарларға және ғылыми форумдарға қатысу үшін Қазақстан Республикасына сапарлаған. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының депутаттары да, бірнеше рет Өзбекстанда болып, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысты.

Жалпы алғанда, Жоғарғы Мәжілісі Заң палатасы депутаттары мен Қазақстан Республикасы парламентінің өкілдері арасындағы өзара делегациялық сапарлар, достық пен шынайы байланыстар Өзбекстан – Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіде маңызды рөл атқарады. Бұл екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал етуде.

Кездесу барысында елшіге Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төменгі палатасының заңнамалық қызметі, шығармашылық нормалары, комитеттер мен фракциялардың жұмыс әдістерін және парламентаризм саласындағы жаңалықтар жайында хабардар етті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының ӨзбекстандағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды шынайы әңгіме үшін рақмет айтып, конструктивті және сындарлы диалогты жалғастыру, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды факторы болып табылатын парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайту үшін осы сынды пайдалы іс-шараларды пайдалы екенін атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Заң палатасының баспасөз қызметі хабары.

8 853
ӨзА