ӨзА Қазақ

28.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Абдулазиз Комилов Өзбекстандағы Ұлыбритания елшісін қабылдады

Абдулазиз Комилов Өзбекстандағы Ұлыбритания елшісін қабылдады

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 28-ші тамыз күні Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жаңадан тағайындалған Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тимоти Торлотты қабылдады.

Абдулазиз Камилов Өзбекстанға жаңадан келген елші министрге дәстүр бойынша сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.

Кездесуде Өзбекстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының қазіргі жағдайы туралы перспективалық бағыттары талқыланып, екі жақтық қарым-қатнастың динамикалық сипаты мен Өзбекстан үкіметі делегациясының 9-12 шілде күндері Лондон қаласында болған сапарының нәтижелері жайлы сөз болды.

Осы сұхбат барысында Өзбекстан мен Ұлыбританияның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін іске асыруға қызығушылығы расталып, түрлі салалардағы байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабары.

7 766
ӨзА