ӨзА Қазақ

20.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Абдулазиз Комилов Қазақстан сыртқы істер министрін құттықтады

Абдулазиз Комилов Қазақстан сыртқы істер министрін құттықтады

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Мұхтар Тлеубердіні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап хат жолдады.

Онда, «Мен Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың белсенді дамуын, өзара сенімін, құрмет пен қолдаудың сапалы жаңа атмосферасын үлкен қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ортақ күш-жігеріміз бен тараптарды қызықтырған барлық салаларда Өзбекстан – Қазақстан стратегиялық серіктестігін дәйекті түрде кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайтынымызға сенімдімін»,- дейді өз хатында Өзбекстан СІМ Абдулазиз Комилов.

Сонымен бірге Өзбекстан СІМ басшысы Мұқтар Тілеубердіге мықты денсаулық, жанұялық бақыт, жауапкершілікті мемлекеттік қызметіне табыстар тілеп, бауырлас қазақ халқына әрқашан тыныштық пен бейбітшілік серік болуын жеткізген.

8 625
ӨзА