ӨзА Қазақ

20.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Абдулазиз Камилов ҚХР Төрағасының орынбасарымен кездесті

Абдулазиз Камилов ҚХР Төрағасының орынбасарымен кездесті

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қазіргі уақытта ресми сапармен Пекин қаласында болып тұр.

Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов ресми сапары аясында Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Сишанмен кездесіп, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге және Ван Сишанға, сондай-ақ барлық достас Қытай халқына ізгі тілектерін жеткізді.

Сұхбат барысында екіжақты қатынастардың басым мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасып, екі ел арасындағы тауар айырбастауда тұрақты тенденцияның болып тұрғаны атап өтілді.

Қытай 2018 жылда Өзбекстанның ең ірі сыртқы сауда серігіне айналды. Биыл жыл соңына дейін бұл үрдіс жалғасын тауып сауда айналымын 8 млрд АҚШ долларға жеткізу көзделген.

Тараптар инвестициялық, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық, екі ел арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық алмасуды ілгерілету жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Осы байланыстарды әр тараптама дамыту мақсатында Оңтүстік қытайдың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ортасы болған Гуанчжоу қаласында Өзбекстанның Бас консулдығын ашу мәселесіде қаралды. 


5 646
ӨзА