ӨзА Қазақ

02.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Әлемді құтқарыңыз: Environmental Photographer of the Year 2019 байқауының жеңімпаздары анықталды

Әлемді құтқарыңыз: Environmental Photographer of the Year 2019 байқауының жеңімпаздары анықталды

Англиядағы «CIWEM» қайырымдылық ұйымы тарапынан ұйымдастырылған қазіргі күнгі жаһандық ең негізгі проблемалардың бірі болып саналатын қоршаған ортаны асырауға бағытталған экологиялық факторлар, ормандардың жануы, өзендердің тасуы, ағаштардың кесілуі, жануарлардың қырылуы, адамдардың аурыуның көбейуі мен мұхиттардың ластануы сынды глобалды әлем назарын аударатын нәзік фактілерді келтірген фотосуретшілердің картиналарында климаттың өзгеруіне адамдар мен жабайы табиғаттың қалай күресіп жатқаны кескінделеді.

12522143.jpg
Жылдың үздік экологиялық фотографы номинациясының жеңімпазы Шанта Кумара (SL Shanth Kumar). Оның Мумбайдағы су тасқыны кезіндегі түсірген суреті үздік деп табылды. Ғаламдық жылыну процесінің қаупі Үндістанға жыл өткен сайын артып келеді.

12521993.jpg
Кенияда түсірілген Фредерик Даршидің «Су тапшылығы» атты фотосы «Су, теңдік және қауіпсіздік» номинациясында ең жақсы деп танылды. Сурет түсірілген аймақта судың жетіспеуі орманды алқаптың жойылуымен байланысты болған.

12522239.jpg
Антонио Арагон Ренунцио түсірген «Тәтті армандар» атты суреті. Африканың Сахел аймағындағы мектептің бірінде қыз бала партада ұйықтап жатыр. Соңғы 35 жылда жаһандық жылынудың салдарынан экстремалды нөсер үш есеге артқан.

12522053.jpg
Британдық Шон Галлахердің фотоаппаратына таспаланған кадр «Экологиялық өзгеріс» номинациясын жеңіп алды. Климаттық проблемаларға байланысты Теңіз деңгейінің көтерілуі кіші аралдарды су астында қалдыру алдында тұр.

12521827.jpg
«Орман жәдігерлері». Дж.Хенри Фэйрдің «Климат және энергия саласындағы әрекет» номинациясының жеңімпазы. Суретте 12 мың жылдық тарихы бар ежелгі Хамбах орманы бейнеленген. Орман бір кездері Манхэттеннің көлеміндей болған. Қазір тек 10 пайызы ғана қалған.

12521935.jpg
Фотосуретші Юсуф Тушардың «Күнделікті жұмыс» атты картинасы. Мұнда, мыңдаған бангладештіктер Даккаға жұмыс іздеп келеді және олардың басым бөлігі көмір тасу сияқты ең қиын және лас жұмыстарды жасауға мәжбүр.

12522099.jpg
Валери Леонардтың «Көрінбес» атты суреті. Непалдағы Сисдол полигонында қоқыс жинаушылар қолдан сатушы материалдар немесе құнды заттар іздеп күні бойы қоқыс ақтарады. 

12522205.jpg
Британдық Ян Уэйдтің «Жер өкпесі» фотосуреті. Бұл кадрды суретке алу үшін фотографқа бес түн қажет болған. 

12521877.jpg
«Мұхиттың жүрегі». Вьетнамдық фотограф Чан Туан Вьет теңіздерді сақтау мәселесіне назар аударып, онда балық қоры азайған сайын, балық аулау тәсілдері соғұрлым агрессивті бола бастайтынын көрсеткен.

12521765.jpg
Амдад Хоссейн түсірген «Ұйқысыздық» суреті. Әйел Бангладештегі лас өзен жағасында ұйықтап жатыр.

12521517.jpg
Пластик пакетпен ойнап жатқан бала бейнесі. Антонио Арагон Ренунчионың суреті. Жыл сайын әлемде шамамен 380 миллион тонна пластик пакеттер өндіріледі. Бұл процес 1950 жыл 2,3 миллион тоннадан 2015 жылға қарай 448 миллионға дейін өскен. Әлемде күн сайын шамамен сегіз миллион дана пластикалық пакеттер жарамсыз күйде атырапты ластайды.

12521673.jpg
Себнем Коскунның Ыстамбұлдағы Босфор бұғазының су астындағы алған «Қоқыс» таспасы.

12521621.jpg
Элиуд Гил Саманьегоның фотосуреті «Қала экологиясы» номинациясының жеңімпазы атанды. Мұнда Мехико қаласы бейнеленген болып, ол экологиялық тұрғыдан әлемдегі ең қолайсыз қалалардың бірі болды.

960x0.jpg
Невилл Кгаугело Нгомананың сәтті суреті - жылдың үздік жас фотографы номинациясында жеңіске жетті. Кгаугело Нгомана мұнда жануардың мүйізін кесу кезіндегі арпалысты таспалаған. Онда мамандар жануарды браконьерден қорғау үшін мүйізін кесуде. Браконьерліктің қазіргі жауыз да аш тірліктеріне байланысты мамандар аңдарды тиімді ұстау үшін мүйіздерін әр 12-24 айда бір рет кесіп тұруды ұсынған. 


15 761
ӨзА