ӨзА Қазақ

14.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Әлем елдері коронавирусқа қарсы қалай күресуде? Фотофакт

Әлем елдері коронавирусқа қарсы қалай күресуде? Фотофакт

Бүгінгі таңда жер бетіндегі тіршілік атаулының өміріне қауіп салған коронавирус әлемің 130-дан астам ел аумағына жетті. ДДСҰ бұл індетті пандемия деп жариялаған соң қауіпсіздік тағыда күшейтілді. Елдер арасындағы әуе рейстері тоқтатылып, шекаралыр жабылды. Тіпті ел ішінде қоғамдық қатынас тоқтап, жұмыс пен оқуларда белігсіз мерзімге карантин жарияланды.

Пандемия жарияланғаннан кейінгі әлем елдеріндегі коронавирусқа қарсы күрес қандай түс алғанын фотофакт арқылы қарап көрелік:


755840946032394.jpg
Стамбулдағы Долмабахче сарайында санитарлық бақылау. Түркияда қазір аурулар саны 5 жеткен

755840947581159.jpg
Қытайдағы коронавирус тараған Ухань қаласындағы көше. Мұндағы науқастар саны 80 976-ға жетіп, 3193 өлім тіркелген. 65655 жан емделген.

755840950779604.jpg
Қасиетті Кәғба айналасында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қажылық сапарлары тоқтатылған. Сауд Арабиясында қазір 86 жан коронавирус жұқтырып, бір адам емделген.

755840952642499.jpg
Еріктілер Үндістанның Джамму қаласында медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын таратуда. Үндістанда 87 адам ауру болып 2 азамат қаза болды. 4 кісі ауруды жеңген.

755840954764091.jpg
Медицина қызметкерлері науқасты капсула ішінде алып баруда, Беларусь 

755840959682393.jpg
Италиядан келген жолаушылар Ресейдің Мәскеу қаласындағы Шереметьево әуежайында тексеріліп жатыр. Ресейде бүгінгі таңда 47 адам вирус жұқырып, бір кісі аурудан жазылған.

755840960444405.jpg
Полиция Испаниядағы карантинге жабылған Игуала қаласынан кетушілерді қадағалауда. Қазір Испанияда жалпы 6023 жан вируспен ауруда. 191 жанның өлімі тіркеліп, 517 азамат аурудан айыққан.


14 634
ӨзА