ӨзА Қазақ

18.04.2019 12:35 Басып шығару нұсқасы

«Жүз өлең» кітабының тұсаукесері

«Жүз өлең» кітабының тұсаукесері
Бүгін Алматы қаласында, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Жүз өлең» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Аталған кітап өткен 2018 жыл «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» деп жариялануына орай екі ел арасындағы әдеби байланыстарды нығайтуға бағытталған жоба ретінде жақыр көріп отыр. 

«Тұлға – достық» қоғамдық қоры, «Әдебиет әлемі» орталығы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Оспанұлы Балықпаевтың қолдауымен, Өзбекстан Жазушылар Одағы, «Жастық» журналы редакциясы мен бірлескен «Жүз өлең» атты жоба аясында Өзбекстанның жас буын ақындарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі қазақ тіліне аударылып, «Жүз өлең» деген атпен кітап болып жарық көрді.

Осы жоба бойынша биыл «Өзбекстандағы Қазақстан жылының» ашылуына байланысты Қазақстанның жас таланттарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі Өзбекстан Республикасында «Жүз өлең» деген атпен өзбек тіліне аударылып Өзбекстан Жазушылар Одағы, «Жастық» журналы редакциясының қолға алуымен баспаға дайындалуда. 

ӨзА
33 348