ӨзА Қазақ

31.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы «Қазақстан жылы»

Өзбекстандағы «Қазақстан жылы»

2017 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасында болып, сапар барысындағы келіссөздер нәтижесінде Шавкат Мирзияев пен бауырлас екі халықтың арасындағы жақындастықты одан әрі тереңдетуге септігі тиер бастама көтеріп, онда 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге, ал 2019 жылда Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу жайлы келісім жасасқан болатын.

Осы келісімге орай өткен жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы жоғары деңгейде өтіп, осынау әлқисса бастаманың жалғасы ретінде биыл Өзбекстанда Қазақстан жылы жалғасын тапты.

2019 жылдың 14-15 сәуіріндегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевпен арадағы ынтымақтастықты одан әрмен жалғастыру мен қатар осы байланыстардың ауқымын кеңейтуге уағдаластық жасап, Ташкенттегі «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында Өзбекстандағы «Қазақстан жылын» ашық деп жариялады.

Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Қазақ елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тарихы мен кеңінен танысуға боларлық бағдарламалық мәдени шаралар Өзбекстан аумағының барлық түкпірінде өтіп жатты. Өзбекстан мемлекеттік өнер мұражайында «Ұлы дала:тарих және мәдениет» атты көрме ашылып, онда Қазақстанның символы саналатын «Алтын адам» көрмеге қойылды.

photo_2019_04_13_13_49_52.jpg

Мамыр айының 12 жұдызында Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театрда Қазақстанның «Еңбек сіңірген өнер ұжымы» "Салтанат" би тобының кеші өтіп, өнер ұжымы қазақтың ұлттық билері мен әлемнің классикалық биі және басқа да ұлттардың билерімен Ташкент хадқын сүйсінтті. 14 мамырда Өзбек Ұлттық академиялық драма театрында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың шығармасы бойынша сахналанған «Абай» спектакльінің өзбек тіліндегі премьерасы өтті.

abay_spektaklining_premerasi_tkazildi.jpg

15-16 мамыр аралығында Ташкенттегі Әлишер Науаиы атындағы кинотеатрда «Қазақстан киносы» күндері өтіп, көрерменге қазақ киномайталмандары таспалаған «Жаужүрек мың бала», «Біздің қаланың ханзадасы» кино туындылары мен «Мұзбалақ» мультипикациялық қойылымы ұсынылды.    

10-21 мамыр күндері аралығында Өзбекстанның бес қаласында «Қазақстандағы білім ордалары» атты апталық көрмелер ұйымдастырады. Онда Қазақстанның 40 астам Жоғары оқу ордасы қатысты.

5-7 маусым күндері Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақ елінің делегаттары Өзбекстанға ресми сапармен келіп, осы сапар аясында Парламентралық кездесулер мен шектеліп қалмай Ташкенттегі Төле Би кесенесі мен Өзбекстандағы бірнеше қасиетті мекендеге барып зиярат етті.

Биылдың өзінде Ташкент қаласынан Қазақстанның Түркістан, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Петропавл қалаларына тұрақта автобус қатнауы жолға қойылды.

hMXVMH15525701334323_b.jpg

13-19 тамыз күндері Қызылорда облысы мәдениет саласының өкілдері өнер көрсетіп, іс-шара аясында Ташкентте Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін қойған болса, Қызылорда облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушылары Өзбекстанның қазақтар көбірек мекендеген Тамды, Үшқұдық, Конимех аудандарында экспедициялық концерт бағдарламасын ұйымдастырды.

22-ші тамызда «Астана Балет» театр ұжымының ұсынған «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарламасын Ташкент халқы өте жылы қабылдады.

photo_289041.jpg

6-шы қыркүйек Ташкент қаласында Қазақстан Республиасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына алғашқы жолдауына байланысты Қазақстан елшілігінде дөңгелек үстел жиыны өтті.

2-4 қазан күндері Ташкентте өткен «Tashkent Book Fest» атты кітап көрмеде Қазақстан атынын Нұр-Сұлтан қаласының «Фолиант» баспасы қатысып үздік кітап баспасы номинациясында жеңімпаз атанды.

5 қазанда Өзбекстан бейнелеу өнері галереясында «Қазақстан өнері» атты Қазақстанның суретшілері көрмесі ашылып, көрмеде Қазақстан суретшілерінің жалпы 38 автордың 111 шығармасы Ташкенттік сурет сүйер қауым назарына ұсынылды.

6acbe582_8d95_42a5_8eeb_0aadf22cd0e0.jpg

14 қазан күні Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Түркістан» концерт сарайында ән кешін өткізді.

5 қарашада Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының төрайымы Танзила Нарбоева бастаған Өзбекстанның парламенттік делегациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен барды. Онда Танзила Нарбоева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен кездесу өткізіп парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайлы құжатқа қол қойды.

tanzila_norboeva_ozo_iston_prezidenti_bilan_uchrashdi.jpg

7 қараша күні Ташкентте Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Қазақконцерттің ұйымдастыруы «Түркістан» концерт сарайында жеке ән кешін өткізді.

18 қарашада Жыззақ облысындағы Қорғаныс министрлігі жанындағы «Фариш» таулы аймағындағы полигонында бес күн бойына Өзбекстан және Қазақстан әскери күштері әскери-тактикалық жаттығулары ұйымдастырылды.

21-22 қарашада Ташкент қаласында Қазақстанның Өзбекстандағы медициналық күндері ашылып осы шара аясында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институты мен Қазақстанның жетекші университеттері байланысты нығайту мақсатында екі жақтық меморандумға қол қойды.

toshkent_davlat_stomatologiya_instituti_ozo_istonning_etakch.jpg

25-ші қарашада Қазақ елінің оңтүстігінен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бастаған делегация құрамы Ташкентке ат басын тіреп Қазақстанның оңтүстігінен шыққан өнердегі, әдебиеттегі мдениет саласындағы ұлы тұлғалар «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күнін өткізіп концерттік бағдарлама ұсынды.

77387947_2925033294173330_2991223221610610688_o.jpg

Биыл Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» ашылуына орай Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі «ӨзА» ақпараттық агенттігі екі бауырлас көрші елдің татулығы мен қарым-қатнасының нығайуына қосқан үлесі ретінде «Қазақ тілді» нұсқасын іске қосқан болып, 29 қараша күні «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі, екі жақтық ынтымақтастықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жаңғырту мақсатында «Өзбек тілді» ақпараттық нұсқасын іске қосты.

ozo_istonning_etakchi_akhborot_agentligi_kazinform_endi_zbek.png


29 қараша күні Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшыларының екінші Консультациялық кездесуі аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстанға жасаған сапарымен құттықтап, жәнеде Өзбекстанда аймақтық ел басшыларының кездесуін өткізу туралы бастамасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірген.

shavkat_mirziyeev_va_nursulton_nazarboevning_uchrashuvi_b_li.jpg

11 желтоқсан күні Ташкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы елшілігінің жаңа ғимаратында Қазақ елінің Тәуелсізігіне 28 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Онда Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мырза сөз сөйлеп айтулы шараның өтуіне атсалысқан қонақтарға алғсын білдірді.

1536b220_9bf6_43bf_8392_e648510a0a29.jpeg

21 жетолқсанда Ташкенттегі «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында Өзбекстандағы Қазақстан жылының жабылуына орай салтанатты кеш өтіп, онда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов сөз сөйлеп шара соңы Гала-концертке ұласты.   

photo5474652739444255869.jpg

Түркінің тарихы жаралғалы тамыры бір қазақ пен өзбек елінің бірлігі, аспаны бір-діні бір, салт-дәстүрі ортақ екі елдің бауырлас болуы мен көрші келуі Алланың берген сыйы. Биылғы өткен Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында тарихта болмаған жұмыстар атқарылып, екі халықтың арасындағы жақындастық тағыда тереңдей түскені сөзсіз. Екі халықтың бүгінгі күнгі көрінісін Президентіміз Шавкат Мирзияев: «Ата-бабаларымыз біздің қазіргі достығымызды, шынайы әрі ашық байланыстарымызды көргенде қуанатын еді» деген болатын.

19 492
ӨзА