Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аяқталып келеді
Өткен жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» жарияланып, екі елдің арасындағы қарым-қатнасты тағыда арттыру мақсатында бұл бастама биыл Өзбекстанда «Қазақстан жылы» атауымен жалғасын тапты.
Өткен жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» жарияланып, екі елдің арасындағы қарым-қатнасты тағыда арттыру мақсатында бұл бастама биыл Өзбекстанда «Қазақстан жылы» атауымен жалғасын тапты.
Осынау игі бастаманың биылғы Өзбекстандағы жалғасын тапқан «Қазақстан жылының» аяқталуына байланысты 21 желтоқсанда Ташкенттегі «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында қорытынды Гала-коцерті өтіп, онда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Бұл бастамалар тек жыл аясында ғана емес, келер жылыда өз жалғасын тауып, бауырлас екі елдің арасынағы қарым-қатнас жалғаса бермек» деді. Жыл аясын қорытындылау шарасына келген Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов «Түбі бір, діні бір, ділі бір, мәдениеті мен менталитеті ортақ қазақ пен өзбектің арасындағы достық пен ізгілікке қызмет ететін байланыс тоқтамақ емес» деп өз сөздерін қорытындылап, кешке келген қонақтар мен бірге салтанатты кештің күәсі болды.


Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ертеден келе жатқан ынтымақтастық осы бастамалар арқасында жандана түсіп, кез-келген саладағы байланыстардың ауқымы артқанына шүбә жоқ. Өйткені бірлесіп өкізген екі ел аумағындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылық т.б. сол секілді жалпы шаралар аясында келісімдер мен меморандумдардың орнауы тегін емес әрине.
Сонымен, Өзбекстандағы жалғасын тапқан «Қазақстан жылының» аяқталуына байланысты өкен қорытын шараның соңы өзбекстандық және қазақстандық өнер қайраткелерінің Гала-концерттік бағдарламасының қойылымдары мен аяқталды.




