ӨзА Қазақ

11.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус туралы деректі фильм түсірілмек

Өзбекстанда коронавирус туралы деректі фильм түсірілмек

«Өзбеккино» ұлттық агенттігі Өзбекстан Республикасына коронавирустың кіріп келуі мен оның тарауының алдын алу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау бойынша арнайы комиссияның көмегімен COVID-19 туралы фильм түсіруді бастады.

Деректі фильм кинохроника түрінде түсірілетін болып, онда COVID-19 атты қауіпті індеттің Өзбекстанда таралуы мен пандемиясына қарсы күресте үкіметтің қабылдаған шаралары, сондай-ақ вирус жұқтырған науқсатар үшін құрылған арнайы ауруханалар жайлы бейнелер таспаланатын болып, үкімет мүшелері, медицина қызметкерлері, сарапшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және індеттен сауыққан науқастармен сұхбаттарға кеңінен шолу жасалады.

«Фильмде, бүгінгі күнгі қиындықтарды басынан өткерген кейіпкерлер жайлы айта отырып, біз Өзбекстандағы COVID-19-ға қарсы жүргізілген күрес көріністерін, мемлекет тарапынан азаматтарымыз бен экономикамызды қорғау үшін жасаған жұмыстарын көрсетуді мақсат еттік және бұл процес бүкіл әлемде, әсіресе Өзбекстанда қалай пайда болғаны мен дамуын бейнелеп қана қоймай, пандемияға қарсы кең көлемді шараларды бейнелейтін мәліметтер базасын жасайтын боламыз.», - деді «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухоликов.

17 072
ӨзА