Өзбекстанда Голливуд актерлері ойнайтын бюджеті 20 миллион долларлық тарихи сериал түсіріледі
Орта Азия елдері аймағында қазірге дейін мұндай көлемді киножоба болған емес
Халықаралық дәрежедегі фильмдер продюсері, «Star Media» кинокомпаниясының басшысы Владислав Ряшин мен француздық кинопродюсер Жан Чарльз Леви Өзбекстанда «Султана» атты тарихи телехикаяны 2020 жылдан түсіруді бастамақ.
Киноны таспаға алу барысы елдің тарихи орталары Самарқанд, Бухара және Хиуа қалаларында түсіру жоспарланған.
«Өзбекфильм» және Туризмді дамыту орталығының хабарлануынша «Султана» фильмнің бірінші маусымын түсіру үшін 20 миллион доллар ажратылып, тарихи драмалы сериалдың басты қаһармандарын сомдайтын Голливудтық жұлдыздардың кім екендігі жайындағы мәлімет ашып айтылмаған.
Осыған дейін, Түріктің тарихынан сыр шертетін «Ертұғырыл» телехикаясының продюсері Мехмет Буғдаз Хорезмді билеген Жалолиддин Мангуберді жайында фильм түсіретіні айтылған еді.