ӨзА Қазақ

13.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Венеция кинофестивалінде «Көшпенділер жері» атты картина бас жүлдеге ие болды

Венеция кинофестивалінде «Көшпенділер жері» атты картина бас жүлдеге ие болды

77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің қорытындысы бойынша «Алтын арыстан» жүлдесі американдық туынды «Көшпенділер жері» (Nomadland) атты картинаға табысталды.

Фильмнің сюжеті өмірлік жолдасы мен шаңырағынан айрылып, Американың алыс жолдарына көшпелі шағын үйде сапар шеккен әйелдің өмірі жайлы баяндайды. Режиссері Хлоя Чжао. Туындыдағы басты рөлді екі рет «Оскар» сыйлығының иегері атанған Фрэнсис Макдорманд сомдаған.

Пандемияға байланысты аздаған қиындықпен өткен 77-ші Венеция кинофестивалінің биылғы Гран-приі мексикалық режиссер Мишель Франконың «Жаңа тәртіп» (Nuevo orden) картинаасына нәсіп етті.

Сонымен Халықаралық Венеция кинофестивалінің 2020 жылғы үздіктері

- Алтын арыстан бас жүлдесі – «Көшпенділер жері» (Nomadland), Хлоя Чжао;
- Күміс арыстан – «Тыңшының әйелі» (Wife of a Spy), Киеши Куросава;
- Әділ қазылар арнайы жүлдесі – «Құрметті азаматтар» (Дорогие товарищи), Андрей Кончаловский;
- Гран-при – «Жаңа тәртіп» (Nuevo orden), Мишель Франко;
- Үздік ер адам рөлі - италиялық Пьерфранческо Фавино ("Padrenostro");
- Үздік әйел рөлі - британиялық Ванесса Кирби ("Pieces Of A Woman").
- Фестивалдегі ең жақсы жас актерға немесе актрисаға берілетін Марчелло Мастроианни сыйлығы 12 жасар ирандық Рухолла Заманиге, режиссер Маджид Маджидидің «Күн балалары» (Sun Children) фильміндегі рөлі үшін табысталды. 

7 296
ӨзА