ӨзА Қазақ

02.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте «Абай әлемі» атты халықаралық конференция өтеді

Ташкентте «Абай әлемі» атты халықаралық конференция өтеді

Қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған 2020 жылдың 5 маусым күні Ташкентте «Абай әлемі» атты халықаралық конференция өтеді.

Бұл тұрғыдан биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тек қана Қазақстанда емес әлем елдерінде жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеу шаралары Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан тікелей қолдау тапқан болатын.

Осы басамаға сай Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы және А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп ұйымдастыратын «Абай әлемі» атты халықаралық конференция онлайнды түрде «ZOOM» платформасы арқылы тікелей эфирде өтпек.

Бейне-конференцияның мақсаты: Ұлы Абайдың шығармаларын насихаттау мен оның әлемімен танысу және бауырлас Өзбекстанда осы бағытта бастау алған ауқымды жобалар жөнінде пікір алмасу.

Конференцияға екі елдің Абайтанушылары мен зиялы қауым өкілдері, Өзбекстандағы ҚР Елшілігі, ғалымдар, ізденімпаз жастар, БАҚ өкілдер мен кітапхана басшылық қызметкерлері қатысатын болады.

«Абай әлемі» атты халықаралық конференция 5 маусым күні Ташкент уақытымен сағат 11:00де (Нұр-Сұлтан 12:00) басталады.

12 674
ӨзА