ӨзА Қазақ

25.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Түлектерге – тілек!

Түлектерге – тілек!

Бүгінгі мектеп бітіруші барлық жас түлекке алдағы өміріне сәттілік тілей тұрып жас талантты ақын Мейрамбек Абдіқалиевтың «Түлектерге – тілек» атты өлеңін ұсынамыз. 

мейір.jpg
Мейрамбек Абдіқалиев 1992 жыл ҚарақалпақстанРеспубликасы Тақтакөпір ауданы Мәулік ата ауылды мекенінде туып өскен. Қазірде 17-сан мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəні мұғалімі.








Түлектерге – тілек!

Бала күннен, дана күнге өту сын.
Тарыдай боп кеп, Таудай болып кету шын.
Үлкен – үлкен биіктерге шығар деп,
Үлкен – үлкен үміт күтем оқушым!

Алға самға, қалсын мейлі ауылың.
Отан үшін керек от боп жануың.
Үлкен өмір – үлкен майдан, ал онда.,
Мектеп берген білім ғана қаруың.

Алдында бол, өмірде де өнерде.
Қайткенде де сыйлы адам бол еліңе.
Мақсатыңа жетпегенше – шаршама,
Арманыңа жетпегенше – бөгелме.

Көп қарама, қалдығой деп балалық,
Үлкен өмір ұнатпайды шалалық.
Балапан боп ұшқан мына ұяға,
Қыран болып кеп тұрыңдар оралып.
(Қаласаңдар құшақ - құшақ гүл алып.)

16 159
ӨзА