ӨзА Қазақ

22.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Шетелдік кинокомпаниялар Өзбекстанда фильм түсірсе шығындарының бір бөлігі өтелетін болды

Шетелдік кинокомпаниялар Өзбекстанда фильм түсірсе шығындарының бір бөлігі өтелетін болды

Белгіленген тәртіпке байланысты шетелдік кинокомпаниялар Өзбекстанда фильм түсірсе шығындарының бір бөлігі мемлекеттік бюджеттен қайтарылатын болды.

Әділет министрлігінің хабарында айтылуынша, ең алдымен шетелдік кинокомпаниялар Өзбекстан аумағында фильм түсірер алдында «Өзбеккино» ұлттық агенттігінен рұқсат алады және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Рұқсатнама мерзімі аяқталған кезде фильм түсіру жұмыстары аяқталған болып табылады.

Шетелдік кинокомпания бұдан бөлек елде фильмдер түсіру үшін Өзбекстанның коммерциялық банктерінде арнайы есепшот ашып, қаражатты осылай өтейтін болады. Фильм түсірерде кинокомпаниялар жұмсаған шығындардың 20 пайызы (бірақ 300 мың АҚШ долларынан аспайтын) мемлекеттік бюджеттен қайтарылатын болған.

5 118
ӨзА