ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Сардобадағы жағдай бауырлас елдерге қиын кезде бір-бірін қолдайтынын көрсетті

Сардобадағы жағдай бауырлас елдерге қиын кезде бір-бірін қолдайтынын көрсетті

Өзбекстан Республикасының «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Кушербаев өз "Телеграм" парақшасында Сардобадағы апатты оқиғаға байланысты көрші бауырлас Қазақстан еліндегі әріптесі Фахриддин Қаратев арасындағы әнгімені жазып, оқиғадан екі елдің арасына ірітк салмақ болғандарға көңіл бөлмеуге шақыра, достық пен бауырластықты нығайта түсуге көңіл бөлген.

"Кеше ғана Қазақстан парламент Мәжілісі депутаты әріптесім Фахриддин Қаратев хабарласып, Өзбекстандағы орын алған соңғы апатты жағдайларға байланысты көңіл айта амандық сұрады.

Әңгіме арасында Фахриддин ағамның интернет беттеріндегі кейбір келімсектердің жалған ақпарат тарата қазақ - өзбек достығы мен арадағы бауырластық сенімді сейілтуге жасаған әрекетінен қапалы екенін айтып, «Достықты бұзатын арандатушыларды» ол кісінің басқа әріптестеріде ұнатпағанын айттты.

Әлбетте өзімде көп ұлтты Өзбекстан тумасы ретінде туысқан, жақын бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен өзара сенімділіктің мәңгілік сақталуын қалаймын. Өйткені ежелден бір дария бойынан су ішіп, бір дастарқан басында бас қоса дәмдес боп, той-думанда да, қаралы күнде де бір болғанбыз.

Расында Сардоба оқиғасы бәріміз үшін тағы бір сынақ кезеңі болды. Не үшін, қалай, кім кінәлі?... Деген сынды сұрақ көп. Дегенмен мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев әрбір жағдайды жіті күзетуде және келген залалдың себебі заңды түрде бағаланады.

Бірақ біздегі сенім, арадағы достық пен бауырластық байланыстарын бағалау мүмкін емес. Өйткені ол шексіздікке тең, өлшемсіз. Мен оны ата-бабам, жанұям, қара шаңырақғымдағы өсіп келе жатқан ұрпағым бейнесінде көріп көп күә болғам: қазақ-өзбек ет пен тырнақ секілді. Біздердің ең үлкен байлығымызда осы.

Сенімін кәміл: халықтарымыз арасында ешқашан түсініспеушілік болмайды және біздер ата-бабадан қалған ұлы мұра өзара сенімді сақтап болашаққа жеткізер жігерлі ұрпақпыз.

Бір – бірімізге желкелес болып, достығымызды сақтайық!", -деп жазады Расул Кушербаев.

5 941
ӨзА