ӨзА Қазақ

01.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Пандемияға байланысты «Оскар» номинациясына фильмдер ұсыну ережесі өзгерді

Пандемияға байланысты «Оскар» номинациясына фильмдер ұсыну ережесі өзгерді

Американдық Кино өнер және ғылым академиясы кинематографиялық үздік марапат «Оскар» сыйлығына ие болатын келесі жылғы фильмдерді таңдау ережелерін коронавирустық пандемияға байланысты өзгерткенін мәлімдеді.

Бұған дейін «Оскарға» қатысудың міндетті шарты ретінде - Лос-Анджелестағы коммерциялық кинотеатрлардың бірінде фильмді жеті күн қатарынан, күніне кемінде үш рет көрсету керек болса, алдағы жағдайда бұл үрдіс интернеттегі кинотеатрларда көрсетілуі керек. Бірақ олар коммерциялық ағындық ресурстарда немесе VOD серверінде қол жетімді болуы шарт.

Осы жағдайға орай «Оскарға» үміткерлер өз туындысын Академия мүшелеріне фильм интернетке шыққан күннен бастап 60 күн ішінде арнайы қауіпсіз сайтта көру үшін ұсына алады. Сонымен қатар картина академияның хабарламасында көрсетілген барлық басқа критерийлерге сәйкес келуі де міндетті.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше бұл жағдай тек 2021 жыл 28 ақпанға белгіленген «Оскар» сыйлығының 93-ші реткі үздіктерді марапаттау салтанатына қатысты. Пандемиядан кейінгі қалыпты жағдай орнаған соң барлық ереже әдеттегідей болмақ. 

14 634
ӨзА