ӨзА Қазақ

10.02.2020 Басып шығару нұсқасы

"Оскар - 2020": үздіктері марапатталды

"Оскар - 2020": үздіктері марапатталды

АҚШ киноакадемиясының танымал кинематографиялық марапаты «Оскар» сыйлығының 92-ші реткі үздіктері анықталды.

Лос-Анджелостағы Dolby театрында өткен киноөндірістегі ең танымал және талантты жылдың үздіктерін марапаттау рәсімінде көпшіліктің күткені мен күтпеген қызықтарына толы болып, онда көпшіліктің дауыс беруі арқылы Хоакин Феникс «Джокер» фильміндегі сомдаған рөлі үшін үздік актер атанса, Брэд Питт өзінің алғашқы Оскар сыйлығын Тарантиноның «Once Upon A Time in Hollywood» (Күндердің бірінде Голливудта) туындысындағы ойнаған рөлі үшін екінші пландағы үздік деп табылды.

Сонымен «Оскар» - 2020 үздіктерінің биылғы иегерлері мыналар:

Үздік фильм - «Parasite» (Паразиттер)

Үздік режиссерлық жұмыс - Пон Джун Хо (Паразиттер)

Үздік актер - Хоакин Феникс «Joker» (Джокер)

Үздік актриса
- Рене Зеллвегер («Джуди» )

Екінші пландағы үздік актер - Брэд Питт «Once Upon A Time in Hollywood» (Күндердің бірінде Голливудта)

Екінші пландағы үздік актриса - Лаура Дерн «Marriage Story» (Неке тарихы);

Үздік анимациялық толық метражды фильм - «Toy Story 4» (Ойыншық оқиғасы 4)

Үздік анимациялық қысқа метражды фильм - «Hair Love» (Шашқа деген махаббат);

Үздік түпнұсқалы сценарий – «Паразиттер» (Parasite), сценарий-Пон Джун Хо, Хан Джин-вон

Үздік адаптацияланған сценарий - Тайка Вайтити «Jojo Rabbit» (Джожо Қоян)

Үздік қысқа метражды көркем фильм - «The Neighbors' Window» (Көршілер терезесі)

Үздік деректі фильм – «American Factory» (Американдық зауыт)

Үздік операторлық жұмыс – «1917»

Үздік шетелдік көркем фильм - «Паразиттер» (Оңтүстік Корея);

Фильм үшін үздік музыка - « Joker» (Джокер)


12 486
ӨзА