ӨзА Қазақ

13.06.2019 13:15 Басып шығару нұсқасы

«OPEN AIR SYMPHONY» - музыкалық жобасы

«OPEN AIR SYMPHONY» - музыкалық жобасы

2019 жылдың 18-27 маусым аралығында Өзбекстанның бес қаласында үлкен музыкалық жоба – «OPEN AIR. SAHRO SIMFONIYASI» өтеді.

Жыл сайын өтуі дәстүрге айналған бұл жоба, Өзбекстанның Ұлттық симфониялық оркестрнің жанды концерттері мен ұлттық эстрада өнерінің шебер орындаушыларын көрсетеді.

Жоба Нүкіс қаласындағы И. В. Савицкий атындағы мемлекеттік өнер музейі жанындағы орталық алаңнан басталады. Музыкалық өнерпаздар керуенінен құралған шығармашыл топтың концерттік қойылымдары Хиуа, Терміз, Қаршы және Шахрисабз қалаларының тарихи және өнер алаңдарында жалғасатын болады.

Жоспар бойынша, 18 маусым Музыкалық өнерпаздар керуенінен құралған шығармашыл топтың концерттік қойылымдары, И. В. Савицкий атындағы мемлекеттік өнер музейі жанындағы орталық алаңнан бастау алып, 20 маусым Хиуа қаласындағы «Ішкі қалада», 23 маусым Терміз қаласы Сұрхандария облыстық «Өнер сарайы амфитеатрында», 25 маусым күні Қаршы қаласы «Орталық амфитеатрында» және 27 маусымда Шахрисабздағы «Ақ сарай» тарихи ескерткіш касындағы алаңда өтеді.

Бұл жобаның концерттік бағдарламалары әр бір облыстың өзіне тән тараптары ескерілген халде қойылымдар болуы көзделген. Концерттік бағдарламаларда классикалық, танымал романтикалық әуендер мен опералық музыкалар, көркем фильмдер музыкасы, би би композициясының негізгі байқаулары, көрермендер үшін ерекше силықтар мен көптеген қызықты дәстурлерден тұратын бес түрдегі шоу жоспарланған.

Аталған жоба, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі, Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, Өзбекстанның Мемлекеттік филармониясы, Хорезм, Сұрхандария және Қашқардар облыстары әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылуда.


ӨзА
24 968