ӨзА Қазақ

24.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Омбы қаласында «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

Омбы қаласында «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

Ресейдің Омбы қаласында осы елдегі қандастарға қолдау көрсететін «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабаралйды «Отандастар қоры».

22 қыркүйекте ашылған орталық негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыты мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын қамтыса, екінші «Атамекен» іскерлік бағыты бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсетпек. Үшінші «Жас қазақ» бағыты арқылы әлемдегі жас қандастарды елге тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Төртінші «Атажұрт» бағыты бойынша шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың қауымдастығын құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыру жоспарланып отыр. 

4678c58c-6dd1-4524-851a-46abd8563038.jpg

Осы сынды «Абай» мәдени-іскерлік үйлері жыл соңына дейін Өзбекстанның Ташкент, Түркияның Стамбул, Қырғызстанның Бішкек, Германияның Берлин қалаларында да ашылмақ. Бұл ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар қорының» бірлескен жобасы.

Омбыдағы «Абай» мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уалиханов көшесінің бойындағы ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан. Орталықтың онлайн түрде өткен ашылу рәсіміне ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов және РФ Омбы облысы Үкіметінің өңірлік саясат және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Ю.Назаренко, ҚР РФ Омбыдағы Бас консулы Е. Сүгірбеков қатысып, онда «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті М.Сарбасов қатысып,өз құттықтауларын жеткізді.

5 256
ӨзА