ӨзА Қазақ

26.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Оңтүстік Кореяда «Өзбекстан күні» өтті

Оңтүстік Кореяда «Өзбекстан күні» өтті

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында орналасқан «Ханкук» шет тілдері университетінде «Өзбекстан күні» өтті.

Атаулы шараны Өзбекстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы елшілігі, Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті және Оңтүстік Кореядағы Өзбекстанның Дүниежүзілік жастар қауымдастығыныңарнайы өкілі бірлесе ұйымдастырды.

«Өзбекстан күнін» атап өтуден мақсат - Оңтүстік Корея халқы мен университетте оқып жатқан шет елдер келген студенттер Өзбекстанның тарихы, мәдениеті, өнері және туристік әлеуеті туралы ақпарат беріп олардың Өзбекстанға деген қызығушылығын арттыру. 

photo5395352619364494373.jpg  

Сондықтан да, өткен іс-шарада өзбек ұлттық тағамдары дайындалып, келген қонақтарға дәм татқызып, ұлттық құндылықтарды бейнелейтін көрмеде алдында да адамдар көптеп келіп қызығушылық білдірді және олар өзбек әндерін тыңдап, көңіл көтерді.

Еске сала кетсек, 2023 жылға дейін Өзбестанға келуші саяхатшылар санын 10 миллионға жеткізу көзделген. Биыл он ай ішінде елге келген туристер саны 5,5миллионға жеткен.


32 596
ӨзА