ӨзА Қазақ

17.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Сұлтанда халқаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Нұр-Сұлтанда халқаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

2019 жылдың 30 маусымы мен 6 шілдесі аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді.

Бұл жайында «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабараға сәйкес, аталған кинофорум Шығыс пен Батыс арасында кинематографиялық көпір орнату. «Еуразия-2019» халқаралық кинофестивалінің байқауына Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Израиль, Украина, Австралия картиналары енді.

Қысқа метражды фильмдер байқауына Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Иран, Өзбекстан, Жапония және тағы басқа елдер қатысады. Сонымен бірге, екі байқауға да отандық туындылар ұсынылған. 

«Еуразия» ХКФ - бұл Кинопродюсерлер қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIAPF) аккредиттеген Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум. Кинофестивальдің ұйымдастырушысы - «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы»

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы табысталады.

Гран-при -3 000 000 теңге
Үздік режиссер – 2 000 000 теңге
Үздік актер – 1 000 000 теңге
Үздік әйел рөлі - 1 000 000 теңге
Арнайы жюрилер сыйлығы - 1 000 000 теңге
Үздік қысқаметражды фильм - 500 000 теңге

36 449
ӨзА