ӨзА Қазақ

10.09.2019 Басып шығару нұсқасы

KOKAND – 2019: Халықаралық қолөнершілер фестивалі

KOKAND – 2019: Халықаралық қолөнершілер фестивалі

Бүкіләлем қолөнершілері бүгін Өзбекстанның Ферғана аңғарындағы Қоқан қаласында бастау алатын Қолөнершілер фестивалінде бас қоспақ.

Тарихи мекенде бұл фестивалдің өткізілуіде кездейсоқ емес. Өйткені осынау құтты мекен ежелден қолөнершілік дамыған ортаның бірі болып саналады. Түрлі этнос пен түрі ұлт өкілдері өз халықтарының қолөнершілік туындыларын баршаға ұсынатын бұл фестивалге әлемнің 78 елінен 29 бағыттағы 191 шетелдік шеберлер қатысады. Ал, Өзбекстанның өзінен 153 аулданнан келген 1116 қолонер шебері өз туындыларын көрсету ниетте осынау халықаралық фестивалге ат басын тіреген.

Фестивал аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып, сонымен бірге «Қолөнер мен ұлттық қолданбалы өнердің даму болашағы» атты ғылыми конференция өтеді. Бұл конференцияға арнайы 24 елден 28 шетелдік және өзбекстандық 6 ғалымдар шақырылған.

Фестивалдегі қатысушылардың арасынан ең үздік туындылар іріктеліп, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

«Үздік қолөнер шебері» номинациясы бойынша 15 000 доллар
«Үздік жас қолөнер шебері» номинациясы бойынша 10 000 доллар
«Үздік қолөнер мектебінің шебері» номинациясы бойынша 10 000 доллар
«Ежелгі әулет өнерін жалғастырушысы» номинациясы бойынша 5 000 доллар
«Ежелгі қолөнерді қайта дамытқан қолөнер шебері» номинациясы бойынша 5 000 доллар

9_faqat-saytga.jpg

20.jpg

24.jpg

3 847
ӨзА