ӨзА Қазақ

13.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Харрисон Форд кино тарихында ұлы кейіпкер атанды

Харрисон Форд кино тарихында ұлы кейіпкер атанды

Ұлыбританияның «Empire» журналы өз оқырманы арасында жүргізген тарихтағы ең ұлы кинокейіпкер сауалнамасына сай американдық актер Харрисон Форд сомдаған «Индиана Джонс» ұлы кино кейіпкер атанған.

Сайп келгенде актердің әлемге атын әйгілі еткенде дәл осы образдағы кейіпкер есімі болатын. Осы фильм жарыққа шыққаннан кейін Харрисон Фордты Бүкіл әлем «Индиана Джонс», -деп тани бастады. Киносүйер қауымға бұл киноның алғашқы бөлімі жақсы әсер еткенінен кейін шығармашыл топ, туындының кейінгі бөлімдерін экрандап қазірде оның бесінші бөлімін шығару үстінде жұмыс істеп жатыр. Фильм 2022 жылда үлкен экрандарға жол тартпақ.

Ал «Empire» журналы сауалнамасына байланысты кино тарихында ұлы кейіпкерлер қатарынан екінші орында «Бөтен» туындысындағы Сигурни Уивер сомдаған «Эллен Рипли» кейіпкері болса, үшінші шепте Роберт Дауни «Темір адам» образымен ұлы кейіпкер атанған.

12 441
ӨзА