ӨзА Қазақ

16.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Джеки Чанның жаңа киносында Димаш Құдайберген саундтрек орындады

Джеки Чанның жаңа киносында Димаш Құдайберген саундтрек орындады

Қазақстанның әлемге танымал әншісі Димаш Құдайберген әлемдік кино майталманы Джеки Чанның соңғы туындысы «Авангард» фильмінде саундтректі орындады.

Бұл жаңалықты әнші өз инстаграм парақшасында хабарлап, «Достар, сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Джеки Чан «Авангард» атты жаңа фильмін шығарды. Кинотеатрға барып, Джеки Чанның фильмін көріңіз және менің әнімді тыңдаңыз»-деп фильмнің тұсаукесерінен сурет салған.

Жаңа туындының таныстырылымында Димаш Құдайберген Джеки Чанның репертуанындағы әннің бірін орындаған.

24 646
ӨзА