ӨзА Қазақ

23.12.2019 Басып шығару нұсқасы

«Central Asia’s Got Talent» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Central Asia’s Got Talent» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 22 желтоқсан күні «Central Asia’s Got Talent» шоуының финалы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» аранасы.


Орталық Азия елдерінен келген талантты өнерпаздардың арасынан финалдық бәсекеге өзіндік ерекше талантымен көпшілікті таңдандыра отырып ақтық сынға өткен бірнеше қатысушылар ғана бақ сынаған. Қазақстанның «Хабар» Агенттігі серіктестігімен ұйымдастырылған жобада Қазақстаннан Ғалымжан Әуесбай жеңімпаз атанса, Өзбекстаннан Далер Шавкатов жеңіске жеткен. Қырғызстан елінен Айжан Нусувалиева көпшіліктің қолдауымен жеңіс тұғырынан көрінген болса, Тәжікстаннан Падида ерекше биімен жеңіске қол жеткізді. Ал бас жүлде мен 10 млн. теңге төрешілердің шешімімен Тәжікстан елінен келген әнші Чоршанбе Аловатовке бұйырды.

29 143
ӨзА