ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Cannes – 2020 кинофестивалі биыл өтпейтін болды

Cannes – 2020 кинофестивалі биыл өтпейтін болды

1946 жылдан бастап ұйымдастырылып келетін белді кинофестивалдердің бірі «Канн фильмдер» фестивалі COVID-19 жаңа вирусының салдарынан өтпейтін болды.

73-ші реткі өтуі жоспарланған биылғы халықаралық Канн кинофестивалі 2020 жылдың 12-23 мамыр күндері аралығында өтуі белгіленген еді. Алайда вирустың жаппай етек алуына байланысты оны ұйымдастырушылар шілде айының басына қарай өткізуді жөн санап бірақ нақты күнін белгілемеген болатын. Оған себеп Франция мен әлемдік ахуалдың коронавирусқа қатысты жағдайы фестивал өткізуге мүмкіндігі болған кезде өті жөнінде хабарланатынын айтқан.

Бүгінге келіп әлемде вирустың тарау көрсеткіші сейілмей тұрғаны мен Францияда төтенше жағдай 10 шілдеге дейін ұзартылғанын бағамдай келе кинофестивалді күз мезгілінде де өткізу қиынға соғады деген тоқтамға келіп, ұйымдастырушылары оны биыл өткізбеуге шешім қабылдаған.

Хабарда айтылуынша, ұйымастырушы тарап жылдық киногерлер туындысын бағалау шарасын виртуалды түрде өткізуді жөн санамай, фестивалге келген туындыларды Венецияда көрсетілуін мәлімдеген. Ал кинофильмдер тізімі маусым айы басына қарай жарияланады.

Айтулы кинофестивалдің 2019 жылғы бас жүлдесі «Атын палма бұтағы» Оңтүстік Кореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразиттер» трагикомедиясына табыстылған еді. Ал осы шарадағы ерекше жағдай алғаш рет кинофестиваль тарихында қара нәсілді режиссер әйел Гран-приге ие болған.

2019 жылғы Канн кинофестивалінің жеңімпаздарынның толықтай жүлдегерлері:


Бас жүлде "Алтын пальма бұтағы", "Паразиты"фильмі режиссері Пон Джун-хо.

Гран-при: "Атлантика" фильмі, режиссері Мати Диоп.

Әділқазы сыйы: "Отверженные" фильмі, режиссері Ладж Ли,
"Козодои" фильмі, режиссерлері Жулиано Дорнель және Клебер Мендонса Фильо

Үздік режиссер: Жан-Пьер мен Люк Дарденны

Үздік ер азамат рөлі: Антонио Бандерас, "Боль и слава"

Үздік әйел адам рөлі: Эмили Бичем, "Малыш Джо"

Үздік сценарий: "Портрет молодой женщины в огне", Селин Скьямма

"Алтын камера" (үздік дебют): "Наши матери", режиссері Сизар Диаз

Қазылар алқасының арнайы сыйы: "Должно быть, это рай" фильмі, режиссері Элиа Сулейман.


14 558
ӨзА