ӨзА Қазақ

29.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Болливуд және Голливуд актері Ирфан Хан қаза тапты

Болливуд және Голливуд актері Ирфан Хан қаза тапты

Келіп шығуы Үндістандық болған Болливуд және Голливуд актері Ирфан Хан 53 жасында тоқ ішек инфекциясынан қаза тапты.

Актерға бірнеше жыл бұрын дәрігерлер нейроэндокринді ісік диагнозын қойылған болып, сол себепті ол кейінгі фильмдерде түсірілімді тоқтатқан болатын. Басылымның мәліметінше, өлімнің себебі тоқ ішек инфекциясы болған.

Ирфан Хан 1967 жыл Үндістанның Джайпур қаласында мұсылман отбасында өмірге келген. Кинодағы шығармашылығын үндінің бірнеше телесериалдарына түсуден бастаған актер үлкен сахнаға 1988 жыл «Сәлем Бомбей» фильмімен келеді. Оның әлемдік аренаға шығуына британдық режиссер Азиф Каппадианың «Жауынгер» атты фильміндегі рөлінен басталады. Кейіннен ол «Лашықтан шыққан миллионер», «Пи өмірі», «Жаңа өрмекші адам», «Инферно» сынды бірқанша үздік кинолардағы образды жоғары деңгейде сомдап шықты. 

12 495
ӨзА