ӨзА Қазақ

25.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Берлин кинофестивалінде үздік актер және актриса рөлі үшін марапат берілмейтін болды

Берлин кинофестивалінде үздік актер және актриса рөлі үшін марапат берілмейтін болды

Берлин халықаралық кинофестивалі 2021 жылдан бастап дәстүрлі қалыптасқан номинацияларға өзгрістер енгізді.

Онда, үздік актер және актриса рөлі үшін берілетін марапат болмайды. Кинофестиваль ұйымдастырушылары оның орнына жюрилердің қолдауымен басты рөлді сомдаушы актер немесе актрисаға үздік образы үшін және екінші пландағы үздік орындаушының жынысына қарамастан «Күміс аюлар» мен марапаттайды.

71-ші реткі кинофестивалден бастап «Кино өнерінде жаңа жолдар ашқаны үшін» Альфред Бауэр сыйлығыда берілмейді. 1987 жылдан бері ұсынылған марапаттан бас тартудың басты себебі - Берлиналеннің алғашқы директоры Бауэрдің нацистік режиміне байланысы бар екендігі туралы ақпараттың ашылуы.

71-ші Берлин халықаралық кинофестивалі 2021 жыл 11-21 ақпан аралығында өтеді.

7 569
ӨзА