ӨзА Қазақ

15.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бүгін – қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15 тамыз – қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы Шәмші Қалдаяқов 1930 жыл Қазақстанның қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ол 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналыса бастап, жалпы кәсіби шығармашылық жолында 300-ге жуық ән жазған. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы сазды әуені ән сүйер қауым арасына барынша кең тарап, қалың жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Даңқты композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұны қазақтың кең байтақ даласымен астасып жатқандай елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбына айналып махаббат пен сағыныш сезіміне азаматтық лирикаға тұнғаны «Ана туралы жыр», «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», «Бақыт құшағында» «Дүнген қызы», «Мойынқұмда ауылым», «Әнім сен едің», «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Тамды аруы», «Арыс жағасында», «Теріскей», «Өмір өзен» секілді әндерінің соны сазы, екпін ырғағы - бұған дәлел.

Күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Оның «Менің Қазақстаным» туындысы 2005 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығына ие болып, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық артісі атағы берілді.

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

9 207
ӨзА