ӨзА Қазақ

03.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Бұқара Ислам мәдениетінің астанасы атанды

Бұқара Ислам мәдениетінің астанасы атанды

Орта ғасырдың мәдени ошағы мен діни білім орталығына айналған Бұқара жыл басы 1 қаңтардан бастап Ислам мәдениетінің астанасы атанды.

Ұлы ғұламалар мен кемеңгер ойшылдардың басын қосып әлемдік жаратылысатарға арқау болған, Орталық Азияны былай алғанда шығыс пен батыстағы өркениеттің қайнар ошағы саналған көне Бұқара қаласы Ислам ынтымақтастық ұйымының мақұлдауы мен биыл 2020 жыл Азиядағы Ислам мәдениеті астанасы болып жарияланды.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы әлемдегі мұсылман мемлекеттерінен құралған үш қаланы Ислам мәдениеті астанасы деп жариялайды. Сол тұрғыдан Азиядан «Бұқара» болса, Араб елдерінен «Каир», Африка мұсылман елдерінен «Бомако» 2020 жылда Ислам мәдениеті астанасы деп жарияланды. 

19 515
ӨзА