ӨзА Қазақ

18.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстандық белгілі журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті

Қазақстандық белгілі журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті

Шетелдегі (Өзбекстандағы) қазақ қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасында эфирге шығатын «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламасы жүргізушісі ретінде таныс болған қазақстандық белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шақта өмірден озды. 

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы «Кербұлақ» ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген болып, Қазақ білім ордаларының қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Өзінің журналист ретінде алғашқы еңбек жолын елдегі республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып отандық «Рахат», «31 арна», «Хабар», «Қазақстан», «Жетісу»(2014 жыл бас директоры) арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

Қазақтың маңдайына біткен өр тұлғаның отбасына, жақын-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

3 923
ӨзА