ӨзА Қазақ

23.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан кинематографтары бірлесіп Қожа Ахмет Ясауи жайлы кино түсіреді

Қазақстан мен Өзбекстан кинематографтары бірлесіп Қожа Ахмет Ясауи жайлы кино түсіреді

1093-1166 жылдар аралығында өмір сүрген Орталық Азиядағы сопылық поэзияның негізін қалаушы, ұлы ойшыл, түркі тілінің сақталуына зор үлес қосып, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазына айналған ұлы тұлға Қожа Ахмет Ясауи жайлы Өзбекстан мен Қазақстан бірігіп кино түсіретін болады.

Бұл жөнінде «Өзбеккино» Ұлттық агенттігінде болған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің Бас директоры Фирдавс Абдухаликовтың кездеуінде мәлім болды.

Сондай-ақ кездесуде, екі елдің арасындағы кино майталмандарының байланысын арттыру, бірлесіп үлкен жобаларды жүзеге асыру және келер 2020 жылда Қазақстанда «Өзбек киносы күндерін» өткізу жайлы келісім жасалды. 

Ақтоты Райымқұлованың Өзбекстандағы сапары аясында Өзбекстанның «Жібек жолы» халықаралық университеті мен Қазақстан Республикасының «Туризм және қонақжайлық» халықаралық университеті арасындағы желілік серіктестік құру туралы меморандум келісімі орнады. 

30 346
ӨзА