ӨзА Қазақ

23.08.2019 Басып шығару нұсқасы

«Астана Балет» Ташкенттегі алғашқы гастролін «Ұлы дала мұрасы» атты бағдарламасымен ашты

«Астана Балет» Ташкенттегі алғашқы гастролін «Ұлы дала мұрасы» атты бағдарламасымен ашты

22-ші тамыз, кешкі сағат 19:00 

Азияны былай алғанда Еуропаның бірнеше елі мен сонау Американың ірі қалаларында көрермен көзайымына айналған «Астана Балет», жаңа маусымды ынтыға күткен, классиканы аңсаған Ташкент халқының ықыласын өзіне ерекше аударды.

Айгул Тати мен Мукарам Авахридің, кешегі қазақтың келбетін бейнелеген, кең байтақ даласымен сол далада серілік еткен асылдардың өмірінен шыр шертетін, келмеске кеткен ұлы тұлғаларының әндерімен әрленген авторлық «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарламасымен басталған қойылымдар топтамасын Ташкент жұрты өте жылы қабылдады. 

f82b609110a40316ad12a2e723b2d3d4.jpg

Ресей, Қытай, Франция, Австрия, Корея, Жапония, Венгрия, Әзербайжан, Америка, Италия, Белгия, Беларусь сынды елдерге гастролдік сапар жасаған «Астана Балет» театыр ұжымының Ташкенттік өнер сүйер қауым, Өзбекстан астанасына ат басын тірегенін күткені соншалықты Әлішер Науаиы атындағы Өзбекстан мемлекеттік академиялық театр залында ине шаншыр орын қалған жоқ. 

111cd2ce-1755-4d5d-8635-2b045883c49c.jpg


«Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарламасы аясында «Нұрға бөлену» («Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» бір актілі балетінен үзінді. Р.Салаватовтың өңдеуіндегі қазақ халық музыкасы, хореограф М.Авахри), «Аққыз» (Е.Құсайыновтың өңдеуіндегі қазақ халық музыкасы, хореограф А.Тәти), «Серілер салтанаты» («һассақ» флоьклорлы-этнографиялық тобының музыкалық композициясы), «Асатаяқ» (Нұрғиса Тілендиев музыкасы, хореограф З.Райбаев), «Балбырауын» (Құрманғазы музыкасы, хореограф Д.Әбдіров), «Әсем қоңыр» (Д.Нұрпейісованың музыкасы, хореограф А.Тәти); «Қуанамын» (А.Әліпбекұлының музыкасы, хореограф А.Цой), «Скиф фрескалары» (Chemirani этно-фольклорлық тобының музыкалық композициясы, хореограф М.Авахри), «Арулар» («Тұран» этно-фольклорлы тобының музыкалық композициясы, хоеограф А.Тәти) және т.б. қойылымдары көрерменге жол тартты. 

19ce70c5-bef2-464d-9d70-ed884e8d4f7e.jpg

b6f02631-9246-4542-9d5e-50e4d003ab33.jpg

Концерттік қойылымдар соңын махаббат әлеміне шарлайтын, адам бойына кіршіксіз сезімдер мен шексіз серпіліс берер «A Fuego Lento» бір актілі балеті түйіндеп берді. 

IMG_20190716_181007_585.jpg

fe090f7a-d98e-40c0-a504-aafadd62454c.jpg

Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында өткізіліп жатқан «Астана Балет» театырының концерттік қойылымдары 25-ші тамызға дейін жалғасады. Келесі күнгі теарт ұжымы көрерменге А.Меликовтің «Махаббат туралы аңыз» атты әйгілі шығармасын ойнайтын болады.

7f0c9ed97bd1283f590c9251be8cfefa.jpg


31 134
ӨзА