ӨзА Қазақ

28.06.2019 14:29 Басып шығару нұсқасы

Абай өлеңдерін өзбек тіліне шебер аударған аудармашыға автокөлік сыйға тартылады

Абай өлеңдерін өзбек тіліне шебер аударған аудармашыға автокөлік сыйға тартылады

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың 2018 жыл 13 наурыздағы «Ұлы қазақ ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кең көлемде зерттеу және насихаттау туралы» Жарлығы негізінде, сондай-ақ 2019 жыл Өзбекстанда Қазақстан жылының өтуіне байланысты Өзбекстанда көптеген іс-шаралар мен әдеби кездесулер өткізілуде.

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде «Абай және өзбек әдебиеті» атты тұрақты экспозиция өз жұмысын жалғастыруда. Өткен жылдан бері ақынның туған күні 10-шы тамызда Ташкентте орналасқан Абай Құнанбаевтың ескерткіші алдында мүшайра, жастар арасында көптеген шаралар өткізілуде. «Абай шығармашылығының білгірі» үшін эсселік конкурс байқауын өткізу жылсайын дәстүрге айналуда.

Биыл Абай шығармалары, қара сөздері мен сарқылмас мұрасын өзбек тіліне асқан шеберлікпен аударған аудармашыға автокөлік сыйға тартылмақ. 
 
Басқада орындарға ие болған шығармашыл жандарға Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі және Қазақ ұлттық мәдени орталығынан бағалы сыйлықтар берілді. Марапаттау рәсімі 10 тамызға белгіленген.

ӨзА
8 160