ӨзА Қазақ

03.09.2020 Басып шығару нұсқасы

77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі басталды

77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі басталды

2 қыркүйек күні Италияның Лидо аралында Халықаралық Венеция кинофестивалінің кезектегі ашылу салтанаты өтті.

Коронавирустық пандемияға байланысты әлемдегі ең көне фильмдер көрсетілімі биыл қысқарған форматта өткізіліп жатыр. Тіпті кейбір бағдарламалар онлайнды форматта өтеді. Сондықтан фестивалге көп қонақ шақырылмады, ал шараға келгендер міндетті түрде маска таққан.

77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің қазылар алқасын биыл австралиялық актриса, екі мәрте «Оскар» сыйлығының лауреаты Кейт Бланшетт басқарады. Ашылу салтанатына Еуропаның басты киносеанстарының директорылары - Альберто Барбера (Венеция), Карло Шатриан (Берлин), Тьерри Фремо (Канн), Лили Хинстин (Локарно), Ваня Калуджерич (Роттердам), Карел Оч (Карловы Вары), Хосе Луис Ребординос (Сан-Себастьян), Триша Таттл (Лондон) қатысқан.

Биылғы жылдың үздік фильмі үшін «Алтын арыстан» сыйлығына 18 үміткер таласуда - бұл әдеттегіден аз. Бас жүлде фестивалдің аяқталуы жоспраланған 12 қыркүйек күні табысталады.

7 471
ӨзА