ӨзА Қазақ

27.08.2020 Басып шығару нұсқасы

2020 жылғы Букер сыйлығы Нидерландтық жас жазушыға табысталды

2020 жылғы Букер сыйлығы Нидерландтық жас жазушыға табысталды

Әдебиет саласы бойынша 2020 жылғы халқаралық Букер сыйлығы Нидерландтық жазушы әйел Марика Лукас Рейневелдке нәсіп етті. Ол осы марапат тарихындағы ең жас лауреат атанды.

Небәрі 29 жаста Букер сыйлығын алуға мүмкіндік берген жас жазушының дебюттік романы «Ыңғайсыз түн» (The Discomfort of Evening) деп аталады. Туынды жарыққа шыға сала бірден әлемдік бестселлер қатарына еніп, алғашында Нидерландыда 55 мың тиражбен сатылса кейіннен бұл шығарма француз, испан, корей, қытай, араб және ағылшын тілдеріне аударып басылды. 

920__95_3730778730.jpg

Жазушы Рейневелд 6 жыл өмірін арнаған шығарма, ауыр жағдайға тап болған консервативті христиан фермер отбасы жайлы баяндайды. Романдағы басты кейіпкер қыз өз отбасын асырап қалуға тырысады, бірақ жағдай теріс бағытқа бет алып отбасындағылар арасы тым алшақтап кетеді. Інісі мұздан құлап мерт болса, енді бірде ағасы жануарларды аяусыз қинайтын қатігезге айналады. Ата-анасы бұрынғыдан да бетер мінезді болып алады. Ал фермадағы мал басына аусыл ауруы келіп шаттық шегінген шаңырақ осылай шайқала бастайды.

Романды ағылшын тіліне аударған биртандық аудармашы Мишель Хатчисон.

The Man Booker Prize компаниясы тарапынан берілетін осынау марапат тарихында жазушы Марика Лукас Рейневелд ең жас лауреат атанды. Сыйлықтың регламентіне сай жазушы 50 мың фунт стерлинг сыйақы алатын болып, оны ағылшын тілінде оқырманға ұсынған аудармашы Мишель Хатчисонмен бөлісетін болады. 

7 489
ӨзА