ӨзА Қазақ

23.09.2020 Басып шығару нұсқасы

2020 жыл кинопрокатта Қытайдың соғыс жайлы түсірген туныдысы жетекшіге айналды

2020 жыл кинопрокатта Қытайдың соғыс жайлы түсірген туныдысы жетекшіге айналды

52 жасты қытайлық режиссер Гуань Худің соғыс жайлы таспаланған «Сегіз жүздік» (The Eight Hundred) туныдысы 2020 жыл әлемдік кинопрокатта жетекшіге айналды.

Өмірде болған оқиғаларға негізделген фильм 1937 жылы Шанхайдағы қойманы 4 күн бойы жапон әскерлерінен ерлікпен қорғаған қытай эскадрильясы туралы баяндайды. Картина экранға шыққанға небәрі бір айдың көлемі болса да 426 млн доллар тапқан. Фильмнің бюджеті 85 млн доллар.

Ал бұған дейін пандемиядан алдын прокатқа шыққан АҚШ кинокомпаниясының басты рөлді Уилл Смит сомдаушы (Bad Boys for Life) туындысы 424 млн доллар табыс әкелген. Туындыны экрандауға кеткен жалпы қаржы 90 млнға бағаланған.

Алдын ала болжам бойынша, фильмнің жалпы кассасы одан әрі артуы мүмкін. Сарапшылар бұл соманы шамамен 445 миллион долларға жетеді деген ойда.

5 149
ӨзА