ӨзА Қазақ

22.05.2019 Басып шығару нұсқасы

2019 жылғы Букер сыйлығы Омандық жазушыға табысталды

2019 жылғы Букер сыйлығы Омандық жазушыға табысталды

Әдебиет саласы бойынша 2019 жылғы халқаралық Букер сыйлығы Омандық жазушы әйел Джоха Альхартхиге (Jokha Alharthi) бұйырды.

Букер сыйлығы әдебиет саласындағы беделді халқаралық марапаттардың бірі. Бұл сыйлық 1969 жылдан бастап 2013 жылға дейін Ұлабиратия, Ирландия және Британдық Достастық елдер азаматтарына беріліп келді. 2014 жылдан бастап ережелеге өзгерістер енгізіп, аталған жылдан әлемнің кез-келген азаматы өз туындысын ағылшын тілінде ұсына алатын болды.

The Man Booker Prize компаниясы тағайындайтын осынау сыйлыққа лайық деп табылған жазушы Джоха Альхартхи өз туындысын «Аспан денесі» (Celestial Bodies) деп атаған. Жазушы романда Оман еліндегі отбасылық байланыстар мен үш апалы-сіңлі қыздардың өмірі жайында баяндайды.

Джоха Альхартхи – Оман еліндегі алғашқы роман жазушы қаламгер болып, ол Парсы шығанағы елдері арасындағы мәртебелі сыйлықты иеленген алғашқы жазушы болды. Қаламгердің басқада шығармалары бар, бірақ ең бірінші ағылшын тілінде жарияланған романы оған осы сыйлықты жеңіп алуына мүмкіндік берді.

Жазушы осы туындысы үшін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген 50 мың фунт стерлинг (63 мың доллар) сыйақы алады. Сыйақының жартысын Celestial Bodies яғни «Аспан денесі» атты романды ағылшын тіліне аударған Мэрилин Бутпен бөлісетін болады. 

-Алдымен, Мэрилин Бутқа алғысым шексіз. Бұл шығарманы ол өте шебер аударғаны үшінде мен оған үлкен рақметімді айтамын, -дейді жазушы Джоха Альхартхи.

la-1558478194-zbwbncdb4c-snap-image.jpg
Суретте жазушы Джоха Альхартхи мен аудармашы Мэрилин Бут.


35 845
ӨзА