ӨзА Қазақ

02.10.2019 Басып шығару нұсқасы

1966 жылы Ташкентте болған жер сілкінісі жайлы фильм түсірілмек

1966 жылы Ташкентте болған жер сілкінісі жайлы фильм түсірілмек

Ресей мен Өзбекстанның кино майталмандары кинематография саласында ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды. 

Онда, Ресейдің Mars Media кинокомпаниясының басшысы Рубен Дишдишян мен «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің жетекшісі Фирдавс Абдухаликов «Ташкент-66» фильмінің Өзбекстанда таспалануын ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ, «Megogo» және «Өзбеккино» Ұлттық агенттігі ортасында «Қожа Нәсериддин» жайында фиьмді түсіругеде келісім жасасқан.

Режиссер Юсуф Розиков ТАСС ақпараттық порталына берген сұхбатында режиссер Рауф Кубаевпен бірге «Ташкент-66» фильміне сценарий жазуды бастап жатқанын айтып, бұл фильм драма жанрында болатынын жеткізген.

«Біз жазтық күндерімізді тіпті балалық шағымызға арналған кадрларды бейнелегіміз келеді. Бір кездері Ташкентте болған өте қорқынышты жер сілкінісіде сол шақтарға саяды. Біз табиғи апат жайлы емес, бәлкім сол шақтағы болған оқиғалар мен өміріміздегі орын алған өзгерістер жайында еске түсімекшіміз»,- дейді Юсуф Розиков.

16 280
ӨзА