Өзбекстанның алтын-валюта резервтері рекордтық деңгейге жетті
2019 жыл қорытындысы бойынша Өзбекстан 5 млрд долларға жуық алтын сатқан
Орталық банк Өзбекстанның алтын-валюта резервтері туралы соңғы статистиканы жариялады.
Онда 2020 жылдың 1 қаңтарындағы Өзбекстанның ресми резервтері 29,1 млрд долларды құраған. Бұл екі ай алдыңғы резервті көрсеткіштен айтарлықтай өскен. Ал, халықаралық резервтер 28,6 млрд доллар болып олар негізінен шетелдік валюталар мен алтын ортасында бөлінген.
2019 жыл қорытындысы бойынша Өзбекстан 5 млрд долларға жуық алтын сатқан. Бұл соңғы жылдардағы өте жоғары көрсеткіш. 2018 жылда сатылған алтынның құны 3 млрд-қа да жетпеген. Себебі өткен жыл алтынның бағасы сыртқы нарықта едәуір өсті. Сол мүмкіндікті Орталық банк тиімді пайдаланған.