ӨзА Қазақ

20.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда жеңіл автокөлік шығару көлемі артты

Өзбекстанда жеңіл автокөлік шығару көлемі артты

Өзбекстанда жеңіл автокөлік шығару көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама артқан.

Мемлекеттік статистика комитеті елдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2020 жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында  өнімдердің жекелеген түрлерінің өндірісі туралы мәліметті жариялады.

Онда 2019 жылғы осы кезеңінде зауыттан 79 614 мың жеңіл автомобиль шығарылған болса, бұл көрсеткіш 2020 жылда - 96 727 мыңға жеткен. Автокөліктің ең көп жасалған нұсқасы елдегі сұранысы жоғары болған Nexia R3 (23694 дана). Есесіне жүк көліктерінің өндірісі азайған 2019 жылы - 1 719 дана жүк көлігі жасалған, 2020 жылы - 1 237.

Бұдан бөлек, отын энергетикасы саласында табиғи газ өнідірісі төмендеген. Жыл басынан беріге 15,9 пайызға азайған. Ал, мұнай өндірісі шамалы артқаны байқалады, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 0,6 пайызға жоғары.

2 353
ӨзА