ӨзА Қазақ

11.07.2019 12:35 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы құрылып жатқан АЭС-ке халықтың пікірі қандай?

Өзбекстандағы құрылып жатқан АЭС-ке халықтың пікірі қандай?

Атом электр станциясы – бұл атом ядросының энергиясын электр энергияға айналдырып беруші үлкен механизмді құрылғы. Әлемде АЭС-ке деген көзқарас алуан түрлі. Бірі керексіз десе, бірі тиімді санайды. Тіпті АЭС орнына жел станциясы мен күн энергия станцияларын салуды қолдайды. Алайда бір АЭС-тің өндіретін энергия көлемін алу үшін қаншама жел станцияларын құру қажет болады. Сондықтан да АЭС құру тиімді болса керек.

Жақында Өзбекстан Республикасының Энергетика мнистрлігі баспасөз қызметі, Өзбекстан аумағында АЭС салуға байланысты халық пікірін білу мақсатында “әлеуметтік пікір” сауалнамасын жүргізді. 

Нәтижеде түрлі салада жұмыс атқарып жатқан әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері арасында өткен пікір сайыстың қорытындысында 69,5 пайыз респонденттер қолдау көрсетіп, мұндағы заман талабына сай құрылатын АЭС-тің атырап мұхитқа залалы жоқ екендігін де айқындаған. 

Оқырман назарын өзіне тартар тағы бір тұсы сауалнама кезінде қолдаушылардың 83 пайызы “Мен Өзбекстанда құрылатын алғашқы АЭС-пен мақтанамын” деген пікірге қосылған. 

Олар арасындағы әр екінші азамат АЭС құрылысында немесе біткеннен кейін ол жерде жұмыс істеу ниетінде екенінде айтып өткен. Ниеттілердің басым бөлігі жастардан құралған. 

АЭС-ке отын ретінде пайдаланатын зат, уранның Өзбекстан аумағындағы қор мөлшерінің жеткілікті дәрежеде екендігінен де осы жұмыстар басталып кеткен болса ғажап емес. Естеріңізде болса Жыззақ облысында құрылатын АЭС-тің екінші кезеңіде басталып кеткен. Ал, Өзбекстан аумағындағы АЭС-ке қандай атау қою мәселесі әлі талқылану үстінде. 


ӨзА
5 628