ӨзА Қазақ

06.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы мұнай және газ кен орындарының жалпы қоры туралы ақпарат

Өзбекстандағы мұнай және газ кен орындарының жалпы қоры туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Өзбекстанда 275 мұнай және газ кен орындары бар болып, олардың жалпы қоры 2,4 млрд тонна шартты отын энергетикасын құрайды. Бұлардың ең негізгілері Бұқара, Қашқадария облыстарында орналасқан.

«Узбекнефтегаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көмірсутегі базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және өндірілген мұнай мен газ өнімдерін толықтыру мақсатында Үстірт, Бұхара-Хива, Гиссар, Сурхандария және Ферғана мұнай кен орындарында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Осы жағдайдың өзінде Өзбекстанның мұнай және табиғи газ қорлары кейінгі 20-30 жылға жетеді. Президенттің 2017 жылғы 3 қарашадағы 3372 Жарлығына сәйкес жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 2017-2018 және осы жылдың 9 айында 16 мұнай және газ кен орындары табылып, көмірсутектерінің қоры 171 миллион тонна шартты жанармай көлемі артты. Аталған 16 кеннің 4 Қарақалпақ аумағында болса, 2-сі Ферғана аңғарында, 10 Бухара-Хиуа аймағында табылған.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда отын энергетика ресурстарының бағасы соңғы рет 2019 жылдың 15 тамызында көтерілген болатын. 

3 042
ӨзА