ӨзА Қазақ

10.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы көлеңкелі экономиканың мөлшері 245 трлн сумға бағаланды

Өзбекстандағы көлеңкелі экономиканың мөлшері 245 трлн сумға бағаланды

Өзбекстандағы көлеңкелі экономиканың мөлшері елдің жалпы ішкі өнімінің 48 пайызына тура келген.

Мемлекеттік салық комитетінің мәліметіне орай, өткізілген зерттеулерге сай Өзбекстандағы көлеңкелі экономиканың мөлшері елдің жалпы ішкі өнімінің 48 пайызы немесе 245 трлн сумға бағаланған.

«Көлеңкелі экономиканың ең негізгі себептерінің бірі – бұл төлем үшін чек талап етпеу. Дәл осы жағдай көлеңкелі экономиканың кең етек жаюымен, кәсіпкерлік арасында зиянды бәсекелестік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Егер әр бір тұтынушы өзі сатып алған затқа чек талап етсе, бұл жасырын экономиканың үлесін азайтып, салық төлеуден жалтару жағдайында қысқартады және бюджетке түсетін түсімдердің өсуіне түрткі болады. Нәтижесінде ел экономикасы дамиды », - делінген МСК хабарында.  

5 024
ӨзА