ӨзА Қазақ

06.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда құрлық порттар құрылады

Өзбекстанда құрлық порттар құрылады

2017-2021 жылдар аралығындағы Өзбекстан Республикасы дамуының бес басым бағыты бойынша жүзеге асыру көзделген 2020 жылдағы Мембағдарламасы аясында, жүктерді авия және автотасымалдауға арналған транспорт логистика компаниялары мен құрлық порттарын құруды жоспарлап оларға әлемнің үздік көлік компанияларын тарту белгіленген.

Сонымен қатар тараптар 2019 жылда Еуропа нарығына шығу мүмкіндігіне ие болған GSP+ бағдарламасының жеңілдіктерін де алу мәселесін қарастыратын болып бағдарлама 2020 жылдың қазан айына дейін дайындалады.

Еске сала кетсек, Өзбекстан Дүние жүзілік сауда ұйымына кіретін болса Еуропалық Одақ арнайы Өзбекстанға 6 мыңнан астам тауарын баж салығынсыз Еуропа нарығына шығару гранты мен қосымша 5 миллион еуро бөлуін мәлімдеген.

4 299
ӨзА